Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Синтетикалық есірткі сатумен айналысқан тараздық жігіт ұсталды

Жамбылдық полицейлер синтетикалық есірткі сатумен айналысқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция депаратаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір ай бойы Тараз қаласының 25 жастағы тұрғынының қылмыстық әрекетін құжаттандыру бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жігіт облыс орталығы аумағында синтетикалық есірткі заттарын сатумен айналысқан.

– Күдікті жалпы салмағы 4 грамнан асатын “Альфа-PVP” синтетикалық есірткі затының 13 бумасын сату кезінде ұсталды, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты “қамауға алу” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы іске қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру