Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сирек кадрлар мен қолөнер туындылары: елордада ҚАЖ жүйесіне арналған фотокөрме ұйымдастырылды

Астанадағы "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысын таныстыратын фотокөрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтарына колонияларда түсірілген сирек кадрлар ұсынылды.

Экспозицияда ҚАЖ қызметкерлерінің сотталғандарды жұмысқа орналастыруға, білім алуға және туыстарымен байланысын сақтауға көмектесу бағытындағы күнделікті жұмысы көрсетілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Көрмеде сондай-ақ сотталғандардың қолымен жасалған бұйымдар – экологиялық таза ойыншықтар, ағаштан жасалған ыдыстар және басқа да қолөнер туындылары қойылған. Келушілер олардың сапасы мен бірегейлігіне жоғары баға берді.

Қонақтар мұндай жобалар жазаны атқару жүйесіне басқаша қарауға мүмкіндік беретінін және қоғамға сотталғандардың қалыпты өмірге оралуы үшін қолдау көрсету маңызды екенін түсіндіретінін атап өтті.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осы бағыттағы іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Олар мұндай көрмелер ҚАЖ жүйесі туралы кеңірек түсінік қалыптастырып, қоғам мен түзеу мекемелері арасындағы диалогты күшейтуге көмектеседі деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру