Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Сіздің учаскелік полицей!»: Қостанайлық полицейлер 500 мыңнан астам пәтерді аралады

«Сіздің учаскелік полицей!» республикалық акция аясында Қостанай облысында алаяқтықтың алдын алуға баса назар аударылып жатыр. Іс-шараның Қостанай қаласына қарасты теміржол әкімшілік аумағында қалай өтіп жатқаны туралы учаскелік полицей Виталий Воронин айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция капитаны бұл аймақта бес жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Жергілікті тұрғындарды жақсы біледі және » Сіздің учаскелік полицей!» акциясы кезінде алаяқтықтың алдын алуға көп көңіл бөлінеді.

– Осы іс-шара барысында учаскелік полиция қызметкері визит карталарын тарату және отбасылық-тұрмыстық қатынастар, ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдіктер тұтыну, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және т.б. саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау сондай-ақ жолын кесу бойынша жұмыс жүргізу үшін пәтерлерді, жеке үйлерді аралайды, – деп атап өтті учаскелік полиция қызметкері.

Теміржол әкімшілік аумағында 18 мыңнан астам адам тұрады. Бір учаскелік полицей күніне 30-дан астам пәтерді аралап өтеді. Өткен аптада мұнда 14 құқық бұзушылық анықталды. Қоғамдық орындардың ластау және спирттік ішімдіктер ішу секлді бұзушылықтар жиі кездеседі. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 6 қорғаныс ұйғарымы шығарылды.

Әкімшілік аумақта «Қауіпсіз аула» жүйесі бойынша орнатылған камералар бар. Олардың көмегімен 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

– Біз алаяқтықтың алдын алуға ерекше назар аударамыз. Халыққа, әсіресе қарт адамдарға қырағы болу қажеттігін түсіндіреміз. Егер мұндай жағдай орын алса, дереу полицияға хабарласуды ұсынамыз, – деп жалғастырады Виталий Воронин.

Учаскелік полицей бүгінде жеке аумақта құқықтық тәртіпті сақтау үшін жұртшылықпен серіктестік орнату маңызды екенін атап өтті.

«Сіздің учаскелік полицей!» республикалық акциясы шеңберінде облыстық учаскелік полицейлері 10 мыңнан астам визит картасын таратып, 500 мыңнан астам қалалық пәтерлер мен ауылдық жерлердегі 320 мың үйді аралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру