Скайп арқылы сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады
Шығыс Қазақстан облысында сотталған скайп арқылы сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сүйген қызға қол мен жүректің ұсынысын жасау – бұл әр адам үшін ең жауапты және қызықты күннің бірі болып табылады. Осындай айтулы оқиғаға мұқият дайындалу керек. Қалыңдық үшін бұл сәттің өміріндегі ең бақытты сәттердің бірі болғанын және оны мәңгі есте сақтауын әр күйеу жігіт қалайды.
Мұндай бақытты сәттерді темір тордың арғы жағынан да кездестіруге болады: қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан ,сегіз жылға бас бостандығынан айырылған, сотталған Александр сүйіктісіне қолы мен жүрегін мекемеге қысқа мерзімді кездесуге келгенде ұсынуды жоспарлап жүрген.
Бірақ әлемдегі және біздің еліміздегі пандемияға байланысты белгіленген төтенше жағдайды ескере отырып, оның сүйіктісімен түзеу мекемесінің аумағында кездесуге мүмкіндігі жоқ болғанына қапаланбаған Александр Наталья есімді сүйіктісіне ұсыныс жасады.Сүйген қызы- Павлодар қаласында тұрады. Сотталушының айтуынша, ол Натальяны сотталғанға дейін білген және бүгінгі күнге дейін олар дос ретінде сөйлесіп келген, бірақ Александр темір тордың ар жағына түскен соң бұл достық сүйіспеншілік сезіміне ұласқанын және Натальясыз ол өмір сүре алмайтынын түсінді.
Және скайп арқылы сүйіктісіне қалыңдығы болуға ұсыныс жасады.
Александрдың айтуынша, ол еш ойланбастан және үмітін үзбей, оған Skype арқылы бейне қоңыраумен ұсыныс жасауды шешкен және ұсынысына ол «иә» деген жауап берді. Енді қалыңдық пен күйеу жігіт кездесу күнін асыға күтіп жүр.
Елде коронавирус пандемиясына қарсы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, барлық кездесулер тоқтатылған болатын және де сотталғандарға туыстарымен Skype арқылы байланысу мүмкіндігі туған.
Ол қолдан жасалған сақинаны жасап,ұсыныс ретінде сәлемдеме арқылы Павлодар қаласына жібермекші, Александрдың айтуынша, ол виртуалды болса да, оның бұл ұсынысына келіскеніне өте қуанышты.Мұндай бақыт пен махаббат оны темір торда болғанда да қолдайды және болашаққа үміт береді. Александр өзінің сүйіспеншілігін және өте қатты Натальяны жақсы көретінін ғаламтор арқылы білдіріп, болашақта олар АХАЖ-ға өтініш беріп, Александрдың тез босатылатынына үміттендіреді деп сенеміз.