Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СКО-да полицейлер дрон арқылы жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады

СКО-да полицейлер дрон арқылы жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақжар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын белсенді пайдаланып келеді. Дрон жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын, абаттандыру талаптарының сақталуын анықтауға, сондай-ақ жоғалған малды іздеуде полицияның уақытын да, күшін де едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

20-24 тамыз аралығында өткен “Қауіпсіз жол” облыстық жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары жолдардағы қауіпсіздікті күшейту үшін дронды кеңінен қолданды. Бұл жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

Жас қызметкер, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Айзада Амангелді дрон камерасы арқылы жолдағы жағдайды бақылау кезінде ауылдардың бірінде ВАЗ-2115 автокөлігін байқайды. Мемлекеттік нөмірге сәйкес, көлік екі жыл бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылған 65 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені анықталды. Тексеру жүргізушінің рөлге қайта отырғанын растады.

Барлығы 5 күн ішінде облыс полицейлері 1630 түрлі жол ережесін бұзу дерегін тіркеді. Оның ішінде 17 – мас күйінде көлік жүргізу, 42 – жаяу жүргіншілер жолағында жаяуларға жол бермеу, 4 – қарсы жолаққа шығу фактісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру