Скутер ұрлады деген күдікпен 2 тұрғын ұсталды
Петропавл полицейлері скутерлер ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған екі тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласының тұрғыны Бірінші полиция бөлімі қызметкерлерінің атына алғыс айтты. Қала тұрғыны ұлының туған күніне сыйлық ретінде скутер сатып алған. Алайда, ол көп ұзамай қолды болды. Тәртіп сақшылары ұрлықты «ізін суытпай» ашты.
Қалалық полицияға қаланың түрлі ықшам аудандарында бір түнде скутерлердің ұрланғаны туралы екі арыз келіп түскен. Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктілер анықталды және ұсталды. Тексеру барысында олардың «ВАЗ-2110» автокөлігінің айдап әкетілуіне және басқа да мүліктік қылмыстарға қатысы бар екені бегілі болды.
Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов нақтылағандай, күдіктілер қала бойынша өткізілген ауқымды іс-шаралар барысында әшкереленген. Күдіктілер бұрын мүліктік қылмыстар үшін сотталған облыс орталығының 1990, 1992 жылғы қала тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктілер Петропавл қ. Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына камалды. Аталған фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жауап алу кезінде ұсталғандар скутерлердің ештеңемен бекітілмегенін және оталдыра алмағандарын айтты. Нәтижесінде оларды сатып жіберу үшін сүйреп әкеткен. Ұрланған көліктер күдіктілердің бірінің туыстарының үйінің ауласынан табылып, иелеріне қайтарылды.
Риза болған тұрғындар сақшылардың жұмысы үшін алғыстарын айтуда:
– Скутерді бір ай бұрын алғанбыз. Аңғалдығымыздың кесірінен үйдің ауласында қалдырған едік. Бір сағаттан соң шығып едік, таппай қалдық. Бірден «102» нөмірін тердік. Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері тез арада келіп қалды. Ал, келесі күні полицейлер бізге қоңырау шалып, табылғанын айтып қуантты. Тіпті өз машиналарымен бізді скутер табылған жерге жеткізіп салып, қолымызға табыс етті. Қыруар жұмыс атқарғаны және еш бұзылмаған қалпында өзімізге тапсырғаны үшін оларға айтамыз, – дейді қала тұрғыны Александра Агеева.
Полицейлер халықты мүліктеріне сақ болуға, айдап әкетуге қарсы құрылғыларды қолдануға, сондай-ақ түнгі уақытта қос дөңгелекті көлікті бейнебақылау камералары бар жерге қоюға кеңес береді.