Смартфон ұрлаған қызылордалық ұры ұсталды
Дәмханада бөтен біреудің қымбат бағалы телефонын қолды қылған қызылордалық құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 ақпанда Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, қаладағы дәмханалардың бірінде құны 380 000 теңге тұратын «Айфон -11» маркалы смартфоны ұрланған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған, 1973 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.