Солтүстік Қазақстан облысында екі зейнеткер азаматтық алды
Солтүстік Қазақстан облысында екі зейнеткер азаматтық алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында құжатсыз жүрген екі азаматты анықтады. Ауыл тұрғындары 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатты жоғалтып, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты уақтылы ресімдемегені анықталды. Қарағанды облысының 64 жастағы тумасы соңғы рет төлқұжатты 1981 жылы алған және полицейлер бұл фактіні анықтағаннан кейін ғана құжаттандырылды.
Дәл осындай жағдайға Жамбыл ауданы Мирное ауылының тұрғыны да тап болған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері 62 жастағы ауыл тұрғынына құқықтық мәртебесін реттеуге көмек көрсетті. Полицейлер ҚР мемлекеттік мекемелеріне тиісті сұраулар жолдаған. Жақында Жамбыл ауданының екі тұрғыны ҚР азаматтары болып танылды. Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов отандастарын құттықтап, көптен күткен жеке куәліктерін табыстады.
– Қазіргі уақытта солтүстікқазақстандықтар құжаттандырылғаннан кейін зейнетке шығуға құжат ресімдейді. Бірде-бір адам ішкі істер органдары қызметкерлерінің құзыретіне кіретін мәселемен бетпе-бет қалмауы тиіс, сондықтан адамдарға көмек көрсету полиция жұмысындағы басымдықтардың бірі болып табылады, – деді Жамбыл ауданы ПБ бастығы Асан Мейрамов.
Жыл басынан облыста солтүстікқазақстандық полицейлер ҚР азаматтарына 8 мыңнан астам жеке куәлік табыстады. ҚР азаматтығын 16 шетел азаматы алды. Жеті адамның қолында тек КСРО паспорты болған, кейін олар құжатталды. 146 келген адам тұруға ықтиярхат ресімдеп, 36 адам ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алды. Уақытша 834 шетелдік тұрады.