Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында қарақшылық жасады деген күдікті іздестірілуде

Солтүстік Қазақстан облысында қарақшылық жасады деген күдікті іздестірілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тайынша ауданының жедел уәкілдері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Моңғолия азаматы Самат Бекишті іздестіріп жатыр.

Қылмыс 2024 жылдың тамыз айында жасалған. Белгісіз адамдар Тайынша ауданы тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп, үй иесін және оның 12 жастағы немересін скотчпен байлап, шамамен 640 мың теңге көлеміндегі ақша мен бағалы заттарды алып кеткен. Шабуылдаушылар кеткен соң бала өздігінен босанып шығып, жақын маңда орналасқан учаскелік полицейдің үйіне жүгіріп барып, көмек сұраған. Қылмысқа қатысы бар үш күдікті қысқа уақыт ішінде ұсталып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Іздестіріліп жатқан Самат Бекиш қазіргі уақытта өз елінде жасырынып жүруі мүмкін. Егер СҚО тұрғындары оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсе, Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8 (7153) 62-12-40, 8 (7153) 62-28-75 телефондары арқылы немесе "102" нөміріне хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру