Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жеті сотталған түрмеде отбасын құрды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жеті сотталған түрмеде отбасын құрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айбол мен Дарья екі жыл кездесіп, некелерін заңдастырмақ болған. Бірақ дәл тойдың алдында Айбол ҚР ҚК-нің188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Айбол мен Дарья некелерін темір тордың ар жағында қиды.

– Мен бұл күнді өте ұзақ күттім, мен өте бақыттымын. Дарья қазір менің қызым ғана емес, ол қазір менің заңды әйелім. Заңды жұбайым ретінде ол маған қысқа мерзімді ғана емес, сонымен қатар ұзақ кездесулерге де келе алады. Темір тордың ар жағына түскеніме қарамастан, ол менен бас тартқан жоқ. Бұл, әрине, мен үшін мерзімімнен бұрын шартты түрде босап шығуыма және отбасыма тез оралуым үшін үлкен мотивация, – деді сотталған Айбол.

 

– Мен оны күтуге дайынмын. Ең бастысы біздің бір-бірімізге деген сезіміміз шынайы, – деп өз ойымен бөлісті Дарья.

Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың төрт айында жеті сотталған темір тордың ар жағында отбасын құрды. Оның екеуі көпұлтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру