Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры әйелдер колониясына барды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры әйелдер колониясына барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №50 мекемесіне жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әбдіханов және Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының 2-ші басқармасының бастығы Алмас Жалмағамбетов барды.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Мұрат Нәкенов пен мекеме басшылығының сүйемелдеуімен прокуратура өкілдері әйелдер колониясының аумағын аралап, "Еңбек-Қызылжар" РМК филиалы мен жеке кәсіпкерлер цехының өндірістік учаскелеріне барып, сотталғандардың еңбек жағдайларымен танысты.

Кейін делегация сотталғандарды ұстау шарттарымен танысу мақсатымен тұрғын аймақ аумағына, атап айтқанда №2 жасаққа барды. Сапар соңында облыстық прокуратура өкілдері жеке мәселелері бойынша бірқатар сотталғандарды қабылдады. Өтініш білдіргендердің барлығына өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, жекелеген өтініштерді облыс прокуратурасы жеке бақылауға алды.

Қазіргі уақытта №50 мекемеде 300-ден астам сотталған әйел жазасын өтеп жатыр. Олардың 92 пайызы мекеменің өнеркәсіптік аймағында жұмысқа орналастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру