Солтүстік Қазақстанда 258 отбасылық жанжалқор есепте тұр
Солтүстік Қазақстанда 258 отбасылық жанжалқор есепте тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша рейдтер – полиция қызметкерлері жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Кезекті рейд барысында Петропавл полицейлері қалалық жатақханалардың бірін тексерді. Мұнда тізімдік және профилактикалық есептерде тұрған жанжалқор мен маскүнем адамдардың саны жоғары. Үш адамды полиция қызметкерлері мас күйінде ұстады. Тәртіп сақшылары тұрақты жұмыс орны жоқ және ішімдікті асыра пайдалануға бейім адамдар қауіпті аймақта екендігін атап өтеді. Бұл отбасылық шеңберде қылмыстарды жасайтын жанжалқорлар мен кінәлілердің түр-тұлғасы.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан полицейлері 868 қорғаныс ұйғарымын шығарды. Тәртіп сақшыларының өтініші бойынша соттар бұзушылардың мінез-құлқына 233 ерекше талап қойды. Бұл үйдегі жанжалқорларға әсер етудің негізгі шаралары. Бұл ретте бұзушылар дереу полицияның есебіне қойылады, оларды аптасына кемінде бір рет тексереді. Бүгінде облыс бойынша 258 отбасылық жанжалқор есепте тұр. Сонымен қатар үш айда отбасына жұдырығын ала жүгіретін 135 адам әкімшілік қамауға алынды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбандары дерлік өтініш жазуға келісе бермейді. Профилактикалық әңгімелер барысында тәртіп сақшылары мәселелерді жасырмауға, мамандардың көмегіне жүгінуден қорықпауға шақырады. Көбінесе ішімдікке тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу – мәселенің шешімі ретінде танылуы мүмкін. Айта кетерлік жайт, жыл басынан бері СҚО-да учаскелік инспекторлар 68 адамды емделуге жіберуді қамтамасыз етті.
– Тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да қылмыстар фактілерінің алдын алуға ішімдікке қарсы заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл да ықпал етеді. Жыл басынан бері алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатудың 83 фактісі анықталды, оларды сатуға қойылатын талаптардың 19 бұзылуы – мысалы, түнгі уақытта сатуға тыйым салу. 2800-ден астам адам ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапқа тартылды. Профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және облыстық ПД басшылығының тұрақты бақылауында, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.