Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық әжей немересімен психологиялық жұмыс жүргізген полицейлерге ризашылығын білдірді

Солтүстікқазақстандық әжей немересімен психологиялық жұмыс жүргізген полицейлерге ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне ерекше алғыс айтылды.

- Немеремнің мінез-құлқына байланысты өмірімде үлкен қиындықтарды бастан өткеруге тура келді. Бұл маған полицияда жұмыс істейтіндермен жеке танысуға мүмкіндік берді. Олардың адамдарға немқұрайлы қарамайтынын атап өткім келеді. Кәсібиліктері және әр адамның мәселесіне тереңірек үңіліп, қажетті көмек көрсетіп жүргені үшін алғысымды айтамын, - деп жазды 25 жастағы немересі мүліктік қылмыстар үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын.

Қазіргі уақытта жас жігіт автокөлікті жымқыру мақсатынсыз айдап кеткені үшін бір жыл он ай түріндегі бас бостындығын шектеу жазасын өтеп жатыр, қоғамдық жұмыстарға тартылуда. Жас жігіттің бұған дейінгі өмірінің қылмыспен байланысты болуына қарамастан, полицейлер тергеу барысында оған тәрбиелік жағынан ықпал етуге тырысты, болашағы туралы ойлануға шақырды. Мұны көрген әжесі сақшылардың жұмысына риза болды. Қазір әжесі оның мінез-құлқы өзгергенін хабарлады, жаңа өмір бастайды деп үміттенеді.

Осы үшін ол аудандық полиция бөлімінің басшылығына, жедел уәкілдер мен тергеушілерге алғысын білдірді.

- Полицияда рухы мықты және жүрегі таза адамдар жұмыс істей алады, өйткені олардың міндеті — зұлымдықты тоқтату және адамдарға қиын өмірлік жағдайлардан өтуге көмектесу, — деп бөлісті ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру