Солтүстікқазақстандық полицей челлендж аясында 4 апта ішінде 246 шақырым жүгіріп өтті
Солтүстікқазақстандық полицей челлендж аясында төрт апта ішінде 246 шақырым жүгіріп өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төзімділік, сергектік, координация және жақсы көңіл-күй – мұның бәрі спортпен шұғылданатындар үшін маңызды болып табылады. Әр адам бос уақытын өткізуді өзі таңдайды: біреу үй шаруасымен айналысса, енді біреулерге балық аулау, сериал көру ұнайды. Спортпен тұрақты шұғылдануға уақыт тапшылық етеді. Алайда, адам өмірде өзіне мақсат қойса, соған қол жеткізеді. Бұған жарқын мысал – СҚО Полиция департаментінің қызметкері полиция майоры Марат Мусин.
Марат Мусин ішкі істер органдарында 2003 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Әр түрінен, оның ішінде спорттың жауынгерлік тәсілі бойынша жарыстарға үнемі қатысады.
Кроссфит, фитнес, өз салмағымен жаттығулар жасау – бұл бүгінгі таңда 39 жастағы полицейдің ең сүйікті спорт түрлері. Жуырда олардың қатарына алыс қашықтыққа жүгіру қосылды. Марат Мусиннің айтуынша, кез келген уақытта жүгіруге болады.
– Мен көбіне үш, бес мың метрге жүгіретінмін. Сонымен қатар, 10 шақырым кросс жүгіру мен үшін елеулі оқиға болды. Биылғы күзде танысымның бірінің Instagram-дағы сторисінде жүгіру бойынша онлайн-челлендж туралы ақпараттың жарияланғанын көрдім. Талаптармен танысып, тіркелдім де жүгіруді бастадым, – дейді Марат.
Челлендж «100 км+» деп аталады, оны JGR.KZ жобасы аясында «Спорт, денсаулық және экология» қоғамдық бірлестігі өткізуде. Қатысушылардың міндеті – 1 қазаннан 30 қарашаға дейін жалпы 100 шақырымнан артық болатындай қашықтыққа жүгіру. Жаттығу Strava мобильді қосымшасы арқылы GPS бойынша қадағаланады. Челлендж аяқталған соң, қатысушылардың арасында жүлделер мен сыйлықтарға ұтыс ойнатылады, ұйымдастырушылар бірінші кезекте өзі және денсаулығы, өскелең ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге көрсету үшін қатысуға шақырады.
Нәтижесінде қазанның 1-і мен 31-і аралығында Марат Мусин 246 км. жүгірген. Жұмыстан кейін – іңірде Петропавлдағы «Қарасай» стадионында жаттығады. Жаттығу барысында 10 шақырым жүгіріп өтеді. Айта кететіні, жексенбі, қазанның 31-і таңертең Марат өзі сияқты әуесқой спортшылармен алғашқы рет 30 шақырымды еңсерді. Кросс қала маңында, жаңа жауған қардың үстінде өтті, ұмытылмас әсер қалдырды.
– Мен барынша беріліп, өзімді тоқтата алмаймын. Челлендж шарты, берілетін сыйлықтар – жайына қалды, жаным рахаттанып жүгіремін, – дейді полиция майоры. Онлайн-челлендждің аяқталуына дейін бір айдай уақыт бар, 2021 жылдың 31-ші қарашасына дейін жалғасады.
– Заманауи полиция қызметкері ҚР заңнамасын, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін ғана біліп қоймай, физикалық дайындығын шыңдауы қажет, дағдарыс жағдайларында қаруды, техниканы шебер қолдана алуы тиіс. Департаментімізде жауынгерлік және қызметтік даярлыққа ерекше көңіл бөлінеді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев.