Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстікқазақстандық полицей самбодан өткен республикалық жарыста жүлдегер атанды

Солтүстікқазақстандық полицей самбодан өткен республикалық жарыста жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті аппаратының қызметкері Қайырбек Батырхан спорттық қоржынға тағы бір медаль салды. Ол – ҚР ІІМ-нің төрт дүркін чемпионы, қазақ күресінен Қазақстан кубогының иегері, ҚР ІІМ құрамасының мүшесі және құрметті динамошы.

Қайырбек “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының ХI ведомствоаралық спартакиадасы және ҚР ІІМ ХI спартакиадасы шеңберінде спорттық самбодан өткен жарысқа қатысты. Жарыс Шымкент қаласында 10-12 қазан аралығында өтті.

Полиция қызметкері Қайырбек 79 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Ол тартысты төрт кездесу өткізіп, жекелей есепте үшінші орынға қол жеткізді. Оның айтуынша, спортпен шұғылдану полиция қызметкерлері үшін өте қажет, әрі ішкі істер органдарының имиджін арттыруға да мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру