Солтүстікқазақстандық полицейлер бір жарым сағат бойы тікелей эфир жүргізді
«Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желі қолданушыларынан бір жарым сағаттай үзіліссіз өткен тікелей эфир барысында 47 сауал келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін және мереке күндері Петропавлдағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Армения Республикасынан әкелінген көлік иелерін күтеді. Сондай-ақ, Петропавлда «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» филиалының сынақ орталығы жұмыс істей бастады, бұл жерге қауіпсіздік туралы хаттама алу үшін рөлі оң жақтағы автокөліктер иелері жүгіне алады. Осы және басқа да жағымды жаңалықтар қолданушылардың белсенділігін арттырды.Тікелей эфирді 187 қолданушы тыңдап, көрген. Қала тұрғыны Алена Лытова бір жыл бұрын рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған «Nissan Tiida» автокөлігін сатып алған. Акцияның өткізілу мерзімін білетін ол, Қостанай қаласынан қауіпсіздік хаттамасын алып, бүгін есепке қою үшін жүгінді. Алена тікелей эфирде нөмірін қысқа мерзім ішінде ресімдегенін айтты, тіпті таңқалысын да жасырмады.
СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспановтың айтуынша, өңірде «сары нөмірді» көлік құралдарының 256 иесі алған, оның бесеуі оң жақтан сол жаққа қайта жабдықталған.
Бұдан бөлек, желі қолданушылары жол белгілеріне қатысты сұрақтар қойып, бағдаршамдар орнатылмаған «қауіпті» қиылыстар аталды, мекенжайларға учаскелік полиция инспекторларын жіберу туралы өтініштер білдірілді. Жалпы акцияның үш күнінде қабылдауға 327 солтүстікқазақстандық жүгінді.