Солтүстікқазақстандық учаскелік полицейдің қызметі туралы
Полиция қызметкері Азамат Тамашов қаладағы және ауылдық жердегі учаскелік инспектор қызметінің арасындағы айырмашылықты жақсы біледі. Ол өткен жылы көрші округтегі әріптесімен бірге түтіндеп жатқан үйден екі адамды шығарып алған. Солтүстікқазақстандық учаскелік полицейдің қызметі туралы Polisia.kz редакциясы ақпарат ұсынады.
Азамат Тамашов 11 жыл Петропавл қаласында учаскелік инспектор болып қызмет атқарды. Содан кейін дәрігерлер үлкен қызына ауылды мекенде тұруды ұсынған. Дәрігердің кеңесіне құлақ түрген Азамат 2019 М.Жұмабаев ауданындағы Бәйтерек ауылдық округіне ауысты.
– Қалада 28 мың тұрғынға төрт учаскелік инспектор қызмет атқардық. Есепте тұрғандар, алкогольге тәуелді адамдармен қоса есептегенде, шамамен 4 мың, өмір қарқыны жоғары. Екінші жағынан, қалада жедел-тергеу тобы, өрт сөндіру есебі, жедел жәрдем тез арада келеді. Ауылда қар көшкіні мен қар басу кез келген уақытта елді мекенді сыртқы өмірден кесіп тастай алады. Учаскелік полиция инспекторы тек өзіне ғана сенуі керек: өзі жедел қызметкер, дәрігер және өрт сөндіруші бола алуы қажет, – дейді полиция қызметкері.
Азамат ауыл тұрғындарына әрдайым бір-біріне көмектесу қажет екенін айтып отырады. Ауылдағы өзекті мәселелердің бірі – өрт. Ескі сымдар, ағып кеткен пеш құбыры өртке әкеледі. Көршілер көп ойланбастан құтқаруға асығады: балалар отқа жақындамас үшін сумен, техникамен қауіпті жерді қоршап алады.
Тамашовтың өрт сөндіруден тәжірибесі бар. Өткен жылдың қазан айында ол көрші округтегі әріптесі Баймусиновпен бірге түтіндеп жатқан үйден екі адамды шығарып алған. Тілге тиек етерлігі, учаскелік инспекторлар көп жағдайда қызметте бір-біріне көмек қолдарын созады. Тату көршілік заңы бәріне ортақ.
– Мұнда тек осылай ғана өмір сүруге болады: кез келген жағдайда көмекке келу қажет. Бір апта бұрын олар Булаево ауданының маңындағы орман өртін сөндіруге көмектескен. Содан кейін орманшылар бізге көмектесті. Мынадай жағдай болды: ауыл тұрғыны шатырындағы қарды тазалап жатқанда құлап кеткен. Оқиға туралы білгеннен кейін мен Булаеводан жедел жәрдем жете алмайтындығын бірден түсіндім. Ауыл шаруашылық кәсіпорнынан жолды тазарту туралы сұрауға болады – олар бас тартпайды, бірақ уақыт қымбат. Орман шаруашылығына жүгіндік. Мен жәбірленушіге шина салып, содан соң, оны жедел жәрдем қабылдай алатын жерге жеткіздім, – дейді Азамат.
Қалалық қарбаластан кейінгі қылмыстық жағдай Азаматқа қиын болып көрінбейді. Бұрын мал ұрлығы өткір мәселе болатын, бірақ жайылымға тыйым салу жағдайды түзетуге қолғабысын тигізді. Әрине, қылмыстық кәсіпке қатысы бар адамдар бар. Мұндай Бәйтерек тұрғындарын Азамат олардың назарынан тыс қалмауға тырысады.
– Олар әрдайым қашан зейнетке шығатынымды сұрап отырады. Мен оларды «тыныштандырамын»: уайымдамаңыздар, мен әлі жұмыс істей тұрамын. Маған мұнда ұнайды, – деп жымиды ол.