Солтүстікқазақстандық үш жылға қаруды сақтау және ұстау құқығынан айрылды
Солтүстікқазақстандық үш жылға қаруды сақтау және ұстау құқығынан айрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, оның аясында қару иелерінің осы қауіпті затты сақтау кезінде ережелерді дұрыс ұстанулары тексерілді. Ақжар ауданындағы Киевское ауылының тұрғыны қаруын қора-қопсысында сақтап келген. Бұл жайтты учаскелік инспектор тексеріс кезінде анықтаған. Бұл ауыл тұрғынының биылғы жылы сақтау ережелерін бұзуының алғашқы фактісі емес. Ол мамыр айында мылтығымен бірге басқа да бөгде заттарды сейфте сақтаған. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі жөнінде ҚР ӘҚБтК 484-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, қару уақытша сақтауға алынған. Енді ауыл тұрғыны үш жыл бойы қаруын пайдалана алмайды. Бір жыл ішінде екі құқық бұзушылыққа жол бергені үшін ол қаруды сақтау және алып жүру құқығынан айырылды. Сондай-ақ, полицейлер Ақжар ауданында қаруын автокөліктің жүк салғышына салып жүрген көрші ауданның тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол Талшық ауылына келіп, аңшы мылтығын көлігіне тастап кетеді, түнде ауылдың мас тұрғыны көлікті айдап мініп кеткен. Алысқа ұзай алмай, жол-көлік оқиғасын жасап, шетелдік көлікті тастап кетіп отырған. Қару жүксалғышта жатқан, қараусыз қалдырудың салдары қандай жағдайға әкелуі мүмкін екендігін елестетудің өзі қиын.
Екі күннің ішінде қаруды сақтау ережелерін бұзуға байланысты ҚР ӘҚБтК 484-бабы бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, сегіз солтүстікқазақстандық қайта тіркеу мерзімдерін бұзған.
– Қару иелері қауіпсіздікті сақтауға жауапкершілікпен қарап, қаруды тиісінше сақтауды байыпты қабылдаулары керек. Дұрыс болмаса, яғни дұрыс сақталмаса әр түрлі жағдайларға, оның ішінде апатқа да әкелуі мүмкін. Сондықтан учаскелік полиция инспекторлары қаруды сақтау ережелері мен заңда белгіленген басқа да талаптардың сақталуын қатаң бақылауға бағытталды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.