Солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілерде полиция жұмысына қатысты 100 астам пост орналыстырды
Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіне электрондық ресурстар арқылы ондаған өтініш келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көбіне солтүстікқазақстандықтар өз сұрақтарына әлеуметтік желілер арқылы жауап алуға тырысады. Азаматтардың бей-жай қарамауларын белгілі пабликтерден жиі көруге болады, онда пайдаланушылар сол немесе басқа да құқық бұзушылықтар туралы фото және бейнеконтенттер жібереді. Осындай материалдар бойынша полиция қызметкерлері тексерістер жүргізіп, заңнамамен белгіленген шараларды уақтылы қабылдайды.
– Халықпен кері байланыс бұл – полиция ведомствосының барлық бөліністері үшін аса маңызды қадам. Полиция жұмысындағы басымдылық барлық өтініштерге, оның ішінде онлайн-форматта келіп түскендерге жедел әрекет ету болып табылады. Құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамай, солтүстікқазақстандықтардың жиі көрсетіп келе жатқан белсенді азаматтық ұстанымы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстың тиімділігіне ықпалын тигізеді, – дейді өз сөзінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципіне тоқтала кеткен СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.
Жыл басынан әлеуметтік желілерде солтүстікқазақстандықтар полицияның жұмысына қатысты 140 астам пост орналыстырды. Олардың дені жол қозғалысы қауіпсіздігі, ТЖ режимін, абаттандыру қағидалары, тыныштықтықты бұзушылықтарға қатысты болды. Барлық фото және бейнематериалдар бойынша тексерістер жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды. Сондай-ақ жағдайды жеке бақылап отыратын азаматтардың пікірлері бойынша қосымша түсінік беруді талап ететін мән-жайлар жиі желілерде белгіленіп жатады, полицейлер осы бағытта профилактикалық жұмысты күшейтуде.