Солтүстікқазақстандықтар полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қолдау көрсетуде
Солтүстікқазақстандықтар полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қолдау көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қиын күндерде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары барлық қазақстандықтармен бірге басқа өңірлерде орын алған оқиғаларға алаңдаулы болды. Халықтың бірлігі, білдірілген жылы лебіздер полицейлер үшін үлкен демеу болды. Ішкі істер органдарының солтүстікқазақстандық ардагерлері, әскери зейнеткерлер елде орын алған оқиғаларға бейжай қарамай, қоғамдық тәртіпті күзетуге дайын екендігін жеткізді.
Қалалық Полиция басқармасының ардагерлер ұйымдарының, сондай-ақ облыстық Полиция департаменті және Ұлттық ұланның, Петропавл қаласының Ардагерлер кеңесінің, Әскери институттың өкілдері қаланы патрульдеуге көмек көрсетіп, учаскелік полиция пунктерінде кезекшілік атқаруға ниет білдірді. Полицейлерге интернационалист-жауынгерлер де қолдауларын көрсетіп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге дайын екендігін атап өтті.
– Біз елде болып жатқан жағдайларға аса алаңдаулы болдық. Еліміз үшін күрделі кезеңде саптағы полиция қызметкерлері құқықтық тәртіпті сақтау міндетін мінсіз атқаруда. Сондай-ақ, біз кез келген уақытта сапқа қосылуға және кез келген жағдайда қол ұшын беруге әзірміз – деді СҚО Полиция департаменті және Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Ақан Сыздықов.
– Біз бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалған барлық полиция қызметкерлеріне, Ұлттық ұлан сарбаздарына шексіз алғысымызды білдіреміз!, – деп “7152” ақпараттық порталының тілшілері ризашылықтарын білдірді.
Еріктілер, БАҚ, Қызыл ай өкілдері аязды күндері құқықтық тәртіп қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, ыстық шай мен тамақ жеткізді.
Полицейлер адамдардың қызметтерін ерекше режимде атқарып жатқан тәртіп сақшыларына қамқорлық танытуларын полиция мен қоғам арасындағы өзара түсіністіктің белгісі екенін атап кетті.