Сөмкеден бағалы заттар ұрланды
Түркістан облысының полицейлері алматылық егде жастағы әйелдің әшекей бұйымдарын ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне егде жастағы әйел арызданады. Ол өз арызында белгісіз біреу сөмкесінен ақшасы мен бағалы әшекей бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын – 300 мың теңгеден асты.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркелді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері қажетті деген шараларды жүзеге асырды.
Арызданушының соңғы болған жерлерін тексерумен қатар басқа да жеделдетілген іс-шаралар кешенін жүргізді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде сақшылар қылмысқа қатысты күдікті ретінде сарыағаштық тұрғынды ұстады. Тергеу барысында, күдікті әйел өз істегенісіне өкінішін білдірді.
Күдіктіден тәркіленген айғақты заттар түгелімен жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктінің осы сияқты басқа да қылмыстықістерге қатыстылығын тексеріледі.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар, қараусыз қалдырмаңыздар деп кеңес береді. Дүкендер мен базарларда, басқа да қоғамдық орындарда әмияндарыңыз бен сөмкелеріңіздің аузын барынша мықтап жауып жүріңіздер. Ақшаларыңызды киімнің ішкі қалталарында ұстағандарыңыз сенімді болатындығын ескертеміз. Бағалы заттарыңызды ұрлатып алсаңыз, немесе осындай оқиғаның куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіз.