Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Соңғы прапорщиктер қызмет атқаруда

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінде соңғы сегіз прапорщик қызмет атқарады, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінде прапорщик атағы берілген сегіз қызметкер жұмыс істейді.

Бірі әке, бірі ана, ал кейбіреулері ата-әже болып табылатын прапорщиктер өздерінің мінсіз қызметімен мақтана алады. Өмірлік тәжірибесі мол прапорщиктер жас қызметкерлерге тәлімгер болып, оларды кәсіби міндеттерін адал атқаруға тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүр.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, бұрын «әділет аға  прапорщигі», «әділет прапорщигі» арнаулы атақтары берілген адамдар қызметін тоқтатқанға дейін осы атақтарда қызметін жалғастыру құқығы сақталып, «прапорщик» атағы алынып тасталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру