Сотталған азамат 1,5 млн теңге грант алып, кәсіпкер атанды
Сотталған азамат 1,5 млн теңге грант алып, кәсіпкер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақжар ауданының пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған кәсіпкерлік негіздерін дамытуға бағытталған "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтады. Оқу қорытындысы бойынша ол өз ісін жүргізуге дайындығын растайтын тиісті сертификат алды.
Пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен қолдауымен оған 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін грант рәсімдеуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Берілген грант сомасы 1,5 млн теңгеден асты.
Бүгінгі күні аталған азамат "Даяна" атауымен жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, инкубациялық технологияларды қолдана отырып үй құстарын өсіру және көбейту ісімен айналысуда.
Бұл мысал мемлекеттің қолдау бағдарламалары мен тиісті органдардың көмегі арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың қоғамға бейімделіп, мамандық алып, өз ісін бастауға мүмкіндік алатынын көрсетеді.