Сотталған азаматтар арасында тренинг өткізілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологтары қатысты.
Тренинг барысында орталық психологы Асел Асылбекқызы жазасын өтеуші азаматтармен психологиялық жаттығулар өткізіп, психолог Шырынкүл Раушанбекқызы сұрақ-жауап әдістемесін пайдаланып, нәтижесінде жазасын өтеушілер өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Тренингтің мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың өмір сүруге ынтасын арттыру, сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу болып табылады.