Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар Абай бейнесін қабырғаға түсірді

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеп жүрген екі сотталушы Асқар мен Рустам Ұлы ақының бейнесін қабырғаға салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«1993 жылы Семей пединститутының көркемсурет – графика факультетін бітірдім. Сурет салғанды өте жақсы көремін. Міне, біз Рүстеммен Абайдың 175 жылдығына ерекше бірдеңе жасағымыз келіп, Абайдың өмірі мен шығармашылығы тақырыбына сурет салуды жөн көрдік. Өйткені мен Семей қаласының тумасымын, ал ұлы ақынның Отаны – Семей қаласы. Оның көптеген шығармаларын жатқа білемін. Бізге осы ұлы адамның қазақ мәдениетіне қосқан үлесін атап өткім келеді. Біз өз ойымызды түрме басшылығына айттық, олар бізді қолдады».


«Мен ұлтым бойынша-лезгинмін, осы қатаң тәртіптегі мекемеде жазамды өтеп жатырмын. Бүгінде Абай шығармаларын білмейтін адам жоқ. Абай поэзиясы қазақ халқына ғана емес, өзге ұлт өкілдеріне де таныс. Мен Ұлы Абайдың шығармашылығын жатқа білемін және оның қара сөзін жатқа білемін», – дейді Рустам.

 

Бас бостандығынан айыру орындарында Асқар мен Рустам сияқты дарынды адамдар өте көп. Олардың әрқайсысының әртүрлі қабілеті бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру