Сотталғандар тест тапсырды
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған сотталғандар тестілеуден өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика аумағында 9-18 наурыз аралығында "Пробация" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Негізгі мақсаты - пробация есебіндегі азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу.
Осы іс- шара аясында пробация қызметінің инспектор-психологы Г. Жылкаманова кәмелетке толмаған сотталған азаматтардың психологиялық мінез-құлқын анықтау үшін психодиагностикалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кәмелетке толмаған азамат психологтың нұсқауымен компьютерлік нысанда тестілеуден өтіп, тестілеу қорытындысымен кешен автоматты түрде оның мінез - құлқын құрастырады.
Пробация есебіндегі 12 кәмелетке толмаған сотталған "Онлайн" психодиагностикалық кешенді зеттеу аппаратымен зерделеніп, мінезделді.