Сотталғандар жақындарымен онлайн жүздесті
Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖ мекемесінде сотталғандар бейне байланыс арқылы жақындарымен сөйлесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адамдар үкім бойынша бас бостандығынан айырылады, бірақ сыртқы әлемнен толығымен кесілмейді. Сотталғанның жақын адамдарымен байланыста қалуға құқығы бар. Жазуға болады, қоңырау шалуға болады. Ал қазіргі заманғы технологиялар адамдарға қашықтықта көрінуге мүмкіндік береді.
ЕС-164/1,3,6,8,9 мекемелерінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандар үшін олардың туыстарымен және жақындарымен «Skype» арқылы бейнекездесу ұйымдастырды. Бейнеқоңыраулар ТЖ кезінде коронавирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ
сұхбаттасып жатқан адамдарға тек қана естіп қана қоймай, бір-бірін көруге мүмкіндік береді.Жүздеген, кейде мыңдаған шақырымға қарамастан, туған-туысқандары мен жақындарына жиі көрінуге мүмкіндік береді.
«Менің ата-анамды көруге мүмкіндігім бар, ал олар менің денім сау екенін көре алады. Өз ата-анамды және балаларымды көріп қуанып қалдым. Мекеме әкімшілігіне мүмкіндік бергені үшін үлкен рахмет», – дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталғаны О. Шавкомуд.
«Еліміздің шалғай аймақтарында тұратын және осы кездесулерде жақын адамдармен бейнекездесулер сотталғандарға әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдауға және оларды қайта әлеуметтендіруге көмектеседі, сондай – ақ сотталғандардың психологиялық жағдайына оң әсер етеді»,-дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің басшысы Тамерлан Валиев.