Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар ардагерлерге арнап хат жазды

Петропавл қаласының сотталғандары ардагерлерге арнап хат жазды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің сотталғандары өзінің алғыс және құрметтерін білдіре отырып,  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды.

«Бейбіт аспан үшін сіздерге алғыс айтамыз! Зор денсаулық тілейміз. Сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз!»,- деп сотталған А. өз құрметін білдірді.

Жеңіс күні қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері ҰОС ардагері Иван Трофимович Клименкоға, еңбек майданының қатысушылары мен жауынгерлердің майданында қаза тапқан жесірлерге барды. Оларға азық-түлік жиынтығы, гүлдер мен техника табыс етілді.

«Өткенін білмейтін халықтың болашағы жоқ. 9 мамыр мерекесі – жас ұрпаққа бейбіт аспанның басымызға қандай баға бергенін ұмытпауға, сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге көмектеседі», – деп атап өтті СҚО бойынша ҚАЖД басшысы Рустан Ахметжанов.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 36 Ұлы Отан соғысының ардагері және 3500-ден астам тыл еңбеккері тұрады.

Жауап қалдыру