Сотталғандарды емдеу мәселесі қаралды
Сотталғандарды және басқа да тұлғаларды алкоголизмнен, нашақорлықтан және түберкүлездің жұқпалы түрлерінен мәжбүрлеп емдеуге сот органдарына азаматтық тәртіпте ұсыным (өтініш) келтіру кезіндегі проблемалы сұрақтарды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2019 жылғы 23 желтоқсанда Қызылорда облысы, Байқоңыр қалалық сотында Байқоңыр қаласы әкімі орынбасарының Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы сот органдары, прокуратура органдары, полиция органдары, қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен медицина ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен сотталғандарды және басқа да тұлғаларды алкоголизмнен, нашақорлықтан және түберкүлездің жұқпалы түрлерінен мәжбүрлеп емдеуге сот органдарына азаматтық тәртіпте ұсыным (өтініш) келтіру кезіндегі проблемалы сұрақтарды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған дөңгелек үстелдің модераторы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Т. Жүсіпов болды.
Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының судьясы Е. Шевцова сөз сөйлеп, баяндамасында Қазақстан Республикасындағы мәжбүрлеп емдеу іс-құжаттарын қарау бойынша заңнамаларды талқылап, сот органдарына ұсыным (өтініш) келтіру тәртібі мен жинақталуға жататын құжаттар туралы мәселелерді толық, әрі жан-жақты түсіндіріп өтті.
Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны А. Танбаев сөз сөйлеп, баяндамасында Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 51-бөлімінің нормаларына сәйкес, сотталғандарға қатысты мәжбүрлі емдеуді тағайындауға ұсынымды (өтінішті) сот органдарына келтіре алмайтындарын, алайда құзырлы органдарға сот органдарына ұсыным (өтініш) келтіру туралы хат жолдай алатындығын айтып білдірді.
Содан соң, дөңгелек үстелге қатысушылар аталған проблемалы сұрақты жан-жақты талқылап, пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасып, екі мемлекеттің денсаулық сақтау ұйымдарына тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар беріп, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс хат жолдап, аталған хаттың жауабына сәйкес 2020 жылдың І тоқсанында қайта кездесуге келісті.
Сөз соңында аталған проблемалы мәселе оң шешімін тапса, сотталғандарды алкоголизмнен, нашақорлықтан және түберкулездің жұқпалы түрлерінен мәжбүрлеп емдеуге сот органдарына ұсыным (өтініш) келтіру мүмкіндігі туындап, сотталғандардың денсаулығын қалпына келтіріп, жаңадан қылмыс жасауының алдын алады деп ойлаймыз.
Нәтижесінде, сотталғандар өздерін салауатты өмір салтына арнап, отбасына көңіл бөлу уақыты артып, олардың түзу жолға түсуіне бірден-бір себеп болады деп ойлаймыз.
Осы тектес дөңгелек үстелдер 2020 жылы да өз жалғасын табады.