Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарды қайта бейімдеуге бағытталған жаңа әдіс: Өскеменде халықаралық семинар өтті

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлескен бастамасы аясында сотталғандардың тәуекелдерін, жіктелуі мен қажеттіліктерін бағалауға бағытталған озық құралды енгізу бойынша семинар-тренинг өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шараға арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бас маманы-психологы Людмила Игнатенко қатысып, тыңдаушыларға құнды бағыт-бағдар берді.

Бұл семинар формалды жиын ғана емес, Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінің дамуына бағытталған нақты қадам, маңызды инвестиция болды. Жаңашыл бағалау әдістемелерін енгізу тек мекемелердегі қауіпсіздік деңгейін арттырып қоймай, ең бастысы – тағдырынан сүрінген азаматтардың қоғамға қайта бейімделуін тиімді етуге жол ашады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру