Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарды жұмыспен қамту: Шахтинскіде дөңгелек үстел өтті

2023–2025 жылдарға арналған “Қарағанды облысы мен Ұлытау облысындағы ҚАЖД кәсіпорындарының өндірістік инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту жолымен сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру” пилоттық жобасы аясында Шахтинск қаласында маңызды іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” ММ базасында өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда шағын және орта бизнес субъектілерін тарту арқылы сотталғандарды еңбекпен қамтуды арттыру мәселесі талқыланды.

Іс-шараға Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Сейлов, өңір кәсіпкерлері және Қарағанды мен Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД өкілдері қатысты. Атап айтқанда, А.Серікбаева, Б.Ахметова және А.Сергазинова қатысушыларға мекемедегі бос өндірістік алаңдар мен ұсынылатын мүмкіндіктер туралы слайд түрінде ақпарат ұсынды.

Кездесу барысында бизнес өкілдеріне мекеме базасында өндіріс ұйымдастыру, дайын өнім шығару, сотталғандарды еңбекке тарту және өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері таныстырылды. Мұндай әріптестік, бір жағынан, бизнесті кеңейтуге жол ашса, екінші жағынан, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және еңбек дағдыларын қалыптастыруға оң әсер етеді.

Бұл бастама – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнесті дамыту мен қайта әлеуметтендіру процесін ұштастыруға бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру