Сотталғандарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік табысталды
Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдай режимінде бес сотталғанның отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев ауданының пробация қызметі бөлімшесінің
қызметкерлері жастар ресурстық орталығының волонтерлерімен бірлесіп, «Балаларды қорғау күні» қарсаңында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған ҚПБ есебінде тұрған сотталғандарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік таратты.
Сотталған ТЖ режиміне байланысты жұмыссыз қалғандықтан, бұл көмек балаларды қорғау күніне орай өте өзекті болып шықты.
Сотталғанның отбасы осындай көмек созған жанашыр жандардың көмектеріне қуанышты.
Бұл көмек алғаш рет көрсетілмеді, бұрын ТЖ режимі кезінде бес сотталғанға азық-түлік берілді.