Сотталғандарға кәсіби білім беру: болашаққа бағытталған қадам
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №48 және №50 мекемесінің аумақтарында орналасқан Петропавл кәсіптік колледжі көптеген жылдан бері сотталғандарды оқытып қана қоймай, сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы білім, мемлекеттік үлгідегі диплом алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігін де ұсынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№48 мекемеде колледж ағаш ұсталарын, сантехник-слесарларды және электр-газ дәнекерлеушілерді оқытады. Ал әйелдер колониясында тігіншілер, сән дизайнерлері және плитка қаптаушылары даярланады. Оқу мерзімі 10 айды құрайды және барлық топ 1 қыркүйек күні оқуды бастайды. Маусым айының соңында түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Петропавл кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері Қуанышбай Исенов 2018 жылдан бері №48 мекемеде қызмет атқарып келеді. 1988 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіріп, Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталған. Жақында мекеме мен колледж басшылығы және жеке құрам Қуанышбай Исеновті зейнет демалысына шығарып салды.
— Біздің колледж сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуды ұсынады, олардың арасында электр-газ дәнекерлеуші мамандығы ерекше танымал. Бүгінгі таңда мен "Электр-газ дәнекерлеуші және дәнекерлеу жабдықтарының арнайы технологиясы” теориялық курсы бойынша сабақ беремін. Сонымен қатар практикалық сабақтар да өткіздім: дәнекерлеу технологияларын меңгеру, әртүрлі металдармен жұмыс істеу және дәнекерлеу қосылыстарын жасау. Оқыту барлық қажетті жабдықпен қамтылған оқу сыныптары мен шеберханаларда жүргізіледі. Менің №5 тобымда 25 дәнекерлеуші оқиды. Олардың кейбіреулері дәнекерлеу өндірісімен таныс, бірақ арнайы білімі жоқ. Әрине, дәнекерлеумен алғаш танысқандар да бар, — деді Қуанышбай Исенов.
Мұғалім түзеу мекемелерінде электр-газбен дәнекерлеуді оқытуды сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың маңызды қадамы деп санайды. Алынған білім мен дағдылар бостандығынан айырылғаннан кейін жаңа өмірге мүмкіндік береді, қылмыс қайталану деңгейін төмендетіп, қоғамға сәтті интеграциялануға ықпал етеді.