Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

COVID-19: сотталғандар онлайн кеңес алды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметтерінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылықтарын алдын алу, жаңа коронавирусты таратуды тоқтату мақсатында пробация қызметкерлері жаңа коронавирустың пандемиясы кезінде интернетті пайдалану мүмкіндігі бар сотталғандар арасында онлайн-түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.

Әңгімелесу барысында есепте тұрған адамдарға төтенше жағдай режимін бұзғаны және төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер үшін жауапкершілік туралы қосымша түсіндіріледі, өйткені бұл ауырлататын жағдай болып табылады.
Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің және Үлбі аудандық пробация қызметінің басшылығының ақпараты бойынша қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес сотталғандардың пробация қызметіне белгіленген күндері төтенше жағдай кезеңінде тіркеу, тәрбие жұмысын жүргізу және профилактикалық әңгімелесу үшін келмеуі дәлелді себептерге жатқызылатын болады.
Пробация қызметінің қызметкерлерімен ҚР Ішкі істер министрлігінің іздеу жүйесі және басқа да мемлекеттік органдардың базалары бойынша бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау үшін тексеріс жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру