Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі табылды

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №34 мекемесінде сәлемдеме арқылы есірткі заттарын өткізу фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға сәлемдеме келді. Сәлемдемелерді қабылдау және тарату бөлмесінде жедел бөлім қызметкерлерімен кезекті сәлемдемені тексеру кезінде, күдікті пішіндегі және басқаларға ұқсамайтын бес дана жаңғақ анықталды. Жаңғақтардың ішінен қоңыр-жасыл түсті заттар табылып, тәркіленді.

Аталған факті тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сараптама қорытындысы бойынша, аталған заттар жалпы салмағы 3,472 граммды құрайтын гашиш есірткі заты екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру