Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақ ауданында полицейлер 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Созақ ауданында полицейлер 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың жолын кесу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылау бойынша жедел-алдын алу іс-шараларын жалғастыруда. 

Мысалы, Созақ ауданында жедел алдын алу іс-шараларын өткізуге Созақ АПБ жеке құрамының 25 қызметкері жұмылдырылды. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде үш күн ішінде тәртіп сақшылары 210 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде екі жүргізуші мас күйінде ұсталды. Тәртіп бұзушылар медициналық куәландыруға жеткізілді, соған сәйкес олар «орташа дәрежеде» мас болған.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Тағы бір автокөлік иесіне полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тәртіп сақшылары тағы да құжаты жоқ тоғыз автокөлікті айыппұл тұрағына орналастырды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін, ең бастысы мас күйінде көлікке отырмауды ескертеді. Сондай-ақ жолдардағы жылдамдықты асыруға, қарсы қозғалыс жолағына шығуға, маневр жасау ережелерін бұзуға және автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдалануға болмайды. Егер сіз жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарының немесе жол-көлік оқиғасының куәгері болсаңыз, дереу полицияның «102» нөміріне хабарлаңыз.

Жүргізушілер есіңізде болсын, жол қателіктерді кешірмейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру