Созақтық полицейлер ветеринарлық заңнаманы бұзған жүргізушілерге хаттама толтырды
Созақтық полицейлер ветеринарлық заңнаманы бұзған жүргізушілерге хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бүгінде елімізде мал ұрлығы өзекті мәселенің бірі болып тұр. Осыған орай ҚР ішкі істер министрлігімен мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» жасалынған. Аталған бағдарламаға сәйкес, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, заңсыз тасымалдауды болдырмау мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Осы тұрғыда Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Созақ – Шымкент тас жолы бойында тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде, Fотоn автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде оның ветеринариялық құжатсыз бір бас айғырды заңсыз алып бара жатқанын анықтады. Сонымен қатар, Газель автокөлігімен тағы бір тұрғынның Созақ ауданынан Сайрам ауданына 10 бас бұқа мен бір бас сиырды мал базарға алып бара жатқаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша хаттама толтырды.