Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Спорт – есірткіге қарсы": Атырауда студенттер арасында эстафеталық жарыс өтті

Атырауда студенттер арасында эстафеталық жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кезекті спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және спортқа қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның айқын көрінісі – Атырау сервис колледжінде өткен эстафеталық жарыс.

Жарысқа колледж студенттерінен құралған төрт команда қатысты. Қатысушылар жеңіске жету жолында шапшаңдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Нәтижесінде, үздік өнер көрсеткен "Арман" командасы I орынды иеленді. Ал II орынға "Ұлан" командасы лайық деп танылса, III орынды "Жігер" мен "Жалын" командалары бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталды. Бұл шара студенттер үшін тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар ынтымақ пен достықты нығайтуға ықпал еткен маңызды кездесу болды.

Іс-шара барысында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Қуандық Салешов жастармен ашық әңгіме жүргізіп, нашақорлықтың жеке тұлғаға, отбасыға және қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ синтетикалық есірткінің қауіптілігі мен оның заңсыз айналымына қатысты қылмыстық жауапкершілік мәселелерін нақты деректермен жеткізді.

Атырау облысы полиция департаменті мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Өйткені спорттық жарыстар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауына ықпал ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру