Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Спорт есірткіге қарсы”: Шымкентте спорттық шара ұйымдастырылды

“Спорт есірткіге қарсы”: Шымкентте спорттық шара ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай қаланың дендросаябағында кең ауқымды спорттық шара өтті. “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен ұйымдастырылған бұқаралық жүгіруге қала тұрғындары, спортшылар, полиция қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ есірткі қылмыстарының алдын алу. Қатысушыларға есірткінің зияны мен оның қоғамға төндіретін қауіптері туралы ақпарат берілді. Ұйымдастырушылар аталған шара арқылы спорттың адам өміріндегі маңызын, оның жаман әдеттерден сақтандыратын күшті құрал екенін көрсетуді көздеді.

Жүгіру қашықтығы 5 шақырымды қамтыды. Қатысушылар мәре сызығын бағындырып, өз мүмкіндіктерін сынады. Белсенділік танытқан қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру