Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Спорт – нашақорлыққа тосқауыл: Қызылордада каратэден жарыс өтті

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Қызылордада каратэден жарыс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының Қызылорда облыстық филиалы бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер арасында ауқымды спорттық жарыс өткізді. Турнир "Қабылан" спорт клубында өтіп, 5 пен 17 жас аралығындағы қатысушыларды 12 салмақ дәрежесі бойынша біріктірді.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қайсарлық пен тәртіпке баулу, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу.

Жарыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Ашылу салтанатында Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Біржан Бағисов  және Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының Қызылорда облыстық филиалының директоры Бауыржан Мұханов сөз сөйлеп, балалар спортының есірткі қылмысының алдын алудағы маңызды рөлін атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Шара ұйымдастырушылары мұндай спорттық сайыстар жастардың дұрыс құндылықтарын қалыптастыруға, теріс ықпалдарға қарсы иммунитетін күшейтуге және спортқа қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру