Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Спорт пен қызметті қатар алып жүрген сақшы

Спорт пен қызметті қатар алып жүрген сақшы қызметі жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақ күресі – ұлт рухын көтеретін, жігерді шыңдайтын спорт түрі. Бұл спортта талай талантты балуандар ел намысын қорғап, биік белестерді бағындырып келеді. Солардың бірі – Олжас Шынкеев. Ол – тек спортшы ғана емес, ел тыныштығын қорғайтын тәртіп сақшысы, жауапты қызметкер, абыройлы азамат.

Олжас Шынкеев 13 жасынан бастап қазақ күресімен айналысып, спорттың осы түріне деген сүйіспеншілігін қалыптастырған. Бұл жолға түсуіне әкесі үлкен әсер еткен. Табандылығы мен еңбегінің арқасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1924 жылы Түркістан қаласында өткен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Әлем кубогының жеңімпазы, “Әскер барысы” турнирінің жеңімпазы, Қазақстан Республикасының чемпионы түрлі жарыстарда топ жарды атанды. Спорттағы бұл жетістіктері оның ерік-жігері мен талмай еңбектенгенінің айқын дәлелі.

2011 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет ететін Олжас Шынкеев Астана қаласы ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция капитаны болып еңбек етеді. Ол үшін қызмет бірінші орында,ал спорт – оның өмірінің маңызды бөлігі. Жұмыспен қатар, жаттығуларын үзбей, дене шынықтыруды назардан тыс қалдырмайды.

Олжас – өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, жастарға үлгі боларлық азамат. Оның өмір жолы – еңбексүйгіштіктің, табандылықтың және патриотизмнің жарқын көрінісі. Олжас Шынкеевтің жетістіктері әлі де жалғаса беретіні сөзсіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру