СҚО аудандарының бірінде полицейлер екі күнде екі қылмысты «ізін суытпай» ашты
Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының бірінде учаскелік полиция инспекторлары екі күннің ішінде екі қылмысты «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО М. Жұмабаев ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторлары екі күннің ішінде екі мүліктік қылмысты ашты. Екі оқиға да ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан металл ұрлаумен байланысты.
Қазанның 30-ы, жедел ақпарды тексеру кезінде, ауылдық учаскелік инспектор ЖШС-тің бірінен темір оттықтың жоғалғанын анықтайды. Құны 100 мың болатын конструкция бөлшектеніп, аудан орталығындағы металл қабылдайтын орынға тапсырылған. Кәсіпорын жұмысшыларының бірі, 28 жастағы жергілікті тұрғынның қатыстылығы анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Келесі күні таңертең басқа ауылдық округте, рейдтік іс-шара барысында, учаскелік инспектордың назары жергілікті тұрғынның басқаруындағы шамадан тыс жүк артылған «ВАЗ-21100» автокөлігіне түседі. Көлік ішінде жүргізушімен бірге 35 және 44 жастағы екі петропавлдық болған. Олар жергілікті ЖШС-ке машина-трактор шеберханасын қоршау жұмыстарына жалданған. Автомобильдің жүк салғышында 300 кг. қара металл болған. Тексеру барысында олардың жұмыстарын аяқтаған соң, «қалдық» темірлерді тапсырмақ болғаны анықталды. Факті ұрлыққа оқталу ретінде СДТБТ-ға енгізілді.
– Қылмыстың «ізін суытпай» ашу – ауылдық жерде қызмет ететін учаскелік инспекторлардың жұмысында жиі кездеседі, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Бимендин. –Шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумақтарындағы шаруашылықтарды аралау және тексеру, адамдармен жұмыс және жедел қызығушылық тудыратын тұлғалар арасында профилактикалық іс-шаралар – жұмыстың кең ауқымы УИП қызметінің қызметкерлеріне қызмет көрсетілетін аумақтағы жағдайды жақсы білуге мүмкіндік береді.
Олардың тәжірибесі жедел-тергеу топтарының жұмысын тиімді толықтырып отырады. Жыл басынан бері ауданда 145 қылмыс тіркелсе, оның 103-і учаскелік инспекторлардың тікелей көмегімен ашылған. Мұндай тиімділік – күнделікті қажырлы еңбек пен адамдармен сенімді қарым-қатынастың нәтижесі.
Жалпы облыс бойынша 10 айда учаскелік инспекторлар өз күштерімен 1595 қылмысты ашты.