Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО аудандарының біріндегі дүкендерден 300 литрге жуық заңсыз алкоголь тәркіленді

СҚО аудандарының біріндегі дүкендерден 300 литрге жуық заңсыз алкоголь тәркіленді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден үш дүкенде заңсыз алкогольді анықтады. Рейдтік іс-шаралар барысында құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сақтау және сату фактілері белгілі болды.

Екі сауда нүктесінен тәртіп сақшылары 74,5 литр арақ, сондай-ақ акциздік маркасыз 258 қорап темекі тәркіледі. Ал үшінші дүкеннен алкоголь саудасына лицензиясы жоқ 83 литр арақ, 31 литр коньяк, 29 литр шарап өнімі мен 80 литр сыра сатуға қойылған.

– Барлық факті бойынша сауда нүктелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкоголь – басты криминогендік факторлардың бірі, ащы суға қарсы заңнаманың бұзылуымен күрес Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Заң мен Тәртіп қағидатын іске асырудың маңызды шарты болып табылады, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбек Тоқтамысов.

Осы уақыт аралығында ауданда жергілікті кәсіпорыннан дизель отынының ұрлау фактісіне тосқауыл қойылып, 43 жастағы ауыл тұрғынынан тіркелмеген аңшы мылтығы алынды. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға полиция қызметінің барлық бағыты бойынша жұмыс бағдарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру