СҚО ауданында көлік жүргізушілері жылқылармен соқтығысты
СҚО ауданында көлік жүргізушілері жылқыларды қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қазаннан 22 қазанға қараған түні Айыртау ауданының аумағында облыстық маңызы бар Саумалкөл — Новоишим автожолында 29 жастағы Kia Rio жүргізушісі жолда шауып шыққан жылқыны қағып кетті.
Ал Бірлестік ауылының маңындағы жергілікті маңызы бар автожолда Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі екі жылқыны қақты. Темір тұлпарды Көкшетау қаласынан келе жатқан 65 жастағы зейнеткер басқарған.
Екі жағдайда да адамдар зардап шеккен жоқ. Көліктерге зақым келді. Ал жылқылар белгісіз бағытқа қарай шауып кеткен.
Бір апта бұрын М.Жұмабаев ауданының аумағында Hyundai Creta көлігі соғып кеткен екі сиыр өлді. Жүргізуші аман. Алайда апат салдарынан көлікке қатты зақым келді.
– Полиция қызметкерлері еркін жайылым фактілерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде, алайда жүргізушілер түнгі уақытта жолда абай болу керек, қиын учаскелерде, елді мекендерге жақын жерлерде, «Мал айдау» белгілерін орнату орындарында жылдамдықты төмендету керек, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырады.