Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ауданында полицейлер сыбайлас жемқорлықпен күресті талқылады

СҚО ауданында полицейлер сыбайлас жемқорлықпен күресті талқылады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң мен тәртіп негізінде әділ мемлекет құру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрессіз мүмкін емес. Бұл туралы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің қызметкерлеріне СҚО ПД бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин жұмыс кездесуі барысында айтты.

Ғабдуллин қызметкерлерді ҚР ІІМ жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйімен таныстырып, сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Олардың қатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, басшылардың дербес жауапкершілігі және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. ҚР ІІМ жариялаған профилактика жылы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты полицейлер ұдайы жүргізіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру