Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бас полицейі халық алдында есеп беру кездесуін өткізді

СҚО бас полицейі халық алдында есеп беру кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов “Qyzylzhar Creative Center” креативті индустрия орталығында 2024 жылы атқарылған жұмыс туралы халық алдында есеп берді. Есептік кездесу әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Облыс бойынша қылмыстардың жалпы саны 2023 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмендеді. Барлық тіркелген адам өлтіру, қарақшылық, тонау және басқа да резонанстық қылмыстар ашылды.

Сондай-ақ СҚО ПД бастығы полиция жұмысындағы жаңашылдықтар туралы, оның ішінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының құрылуы туралы хабардар етті. Белсенді профилактикалық жұмыстың нәтижесінде бір жыл ішінде алаяқтық белгілері бар 375 интернет-ресурс бұғатталды. Облыс халқының шамамен 40%-ы несие алудан ерікті түрде бас тарту жөніндегі E-gov порталының қызметін пайдаланды.

Бұдан бөлек, полиция генерал-майоры Қабдұлдинов жұмыстың әр түрлі бағыттары бойынша қабылданатын шаралардың кең ауқымы туралы айтып берді. Мысалы балалардың қауіпсіздігі бағыты бойынша барлық білім ошақтарына ювеналдық полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер бекітілді. Мектептер мен колледждерде құқықтық сауаттылық сабақтары өткізіледі. Оқудың бірінші ауысымы басталғанға дейін және екінші ауысым аяқталғаннан кейін Петропавл мектептерінің жанында патрульдік полиция жасақтары қойылады, олар балалардың қауіпсіздігін қадағалайды.

Кездесу соңында Айдын Қабдұлдинов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру