Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша полиция департаментінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары лауазымында болған Әлібек Ғабдуллин енді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасын басқаратын болады.

Әлібек Ғабдуллин ішкі істер органдарында 2002 жылдан бастап қызмет етеді, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітіріп, учаскелік полиция инспекторынан бастап қызметтің барлық сатысынан өткен.

Оның орнына Қайырбек Баймөңкенов тағайындалды, оған дейін Петропавл қалалық ПБ жедел басқару орталығының бастығы болған.

Қайырбек Баймөңкенов ІІО-да 2009 жылдан бастап қызмет етеді, 2013 жылы Шымкент қаласындағы ҚР ІІМ Оқу орталығының тыңдаушысы болған, полициядағы жұмысын кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор қызметінен бастаған.

Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімінің бастығы болып Жамбыл ауданының ПБ бастығы лауазымын атқарған Асан Мейрамов тағайындалды.

Асан Мейрамов ІІО-да 1996 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, басшылық лауазымдарға дейін 15 жыл бойы жедел жұмыспен айналысқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру