СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде мерекелік іс-шара өтті
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара өтті.
Дәстүр бойынша салтанатты іс-шараның ашылуы Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Департамент бастығы Мұрат Нәкенов қызметкерлер, ардагерлер және шақырылған қонақтар алдында құттықтау сөз сөйледі.
— Осындай маңызды күнде біз өмірлерін әскери қызметке арнап, ант берген қаһараман азаматтарға құрмет көрсетудеміз. Қазіргі уақытта жауынгерлік бекетте адал қызмет атқарып жатқандарға алғыс сөздерімді білдіремін. Қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған қызметкерлерімізді де атап өткім келеді, олар туған жерін батыл қорғаған ата-бабаларымыздың қаһарман жалғасы. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстанның Тәуелсіздігін сенімді қорғай отырып, өздерінің рухын және жауынгерлік дағдыларын бүгінгі күні де табысты көрсетуде, — деп атап өтті Мұрат Сабырұлы.
Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлерінің арасында 5 тыл еңбеккері, концлагерьдің 1 бұрынғы тұтқыны және 1 ҰОС қатысушысының жесір әйелі еңбек сіңірген демалысында. Ардагерлерге тұрақты негізде барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.
Іс-шара барысында ҚР ІІМ министрінің, ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының және СҚО бойынша ҚАЖД басшылығының бұйрықтарымен 100-ге жуық қызметкер және қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері марапатталып, көтермеленді.
ҚР Ішкі істер Министрінің құқықтарымен бірқатар қызметкерлер "Қылмыстық- атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен, "Кылмыстық-атқару жүйесінің үздігі" төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге байланысты ерекше көзге түскен қызметкерлерге арнаулы атақтар мерзімінен бұрын берілді.