Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД-да үздік қызметкерлер марапатталды

СҚО бойынша ҚАЖД-да үздік қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Дәстүр бойынша іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан басталды. СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Мұрат Нәкенов құттықтау сөз сөйлеп, бұл мерекенің Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлттар үшін маңыздылығын атап өтті.

– Біз қай жерде болмасақ та, бізді ортақ мақсаттар біріктіреді. Барлығымыз елдің игілігі, жас ұрпақтың лайықты болашағы және республикамыздың өркендеуі үшін тырысамыз. Бүгінгі таңда біздің қызметкерлер арасында батылдық танытып, қызметтік міндеттерін үлгілі орындауды, жауынгерлік міндеттерді шешуді көрсететіндер аз емес. Бізді ортақ жады мен ортақ мақсат біріктіреді, – деп атап өтті СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Мұрат Нәкенов.

Іс-шараға жеке құраммен қатар, олардың туыстары, ішкі істер органдарының ардагерлері, жеке кәсіпкерлер, студенттер және курсанттар қатысты.

Республика күнін мерекелеу аясында ІІМ министрінің, ҚАЖК төрағасының және департамент бастығының құқықтарымен 70ен астам қызметкер, ардагерлер мен шақырылған қонақтар грамоталармен, алғыс хаттармен, «Мінсіз қызметі үшін», «Қылмыстық-атқару жүйесіне қосқан үлесі үшін» және дәрежелік медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер мерзімінен бұрын әділет полковнигі және майоры атақтарына ие болды.

Кештің басты ерекшелігі «Ақ жол» партиясының құқықтарымен қызметкерлерді «Апатпен күрескені үшін» медальдарымен марапаттау болды. Бұл офицерлер су тасқынына қарсы күрес кезінде өздерінің кәсіби және қызметтік қасиеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Іс-шара соңында жеке құрам мен қонақтар үшін филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру