СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінде жыл басынан бері 35 неке тіркелді
СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінде жыл басынан бері 35 неке тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінде сотталған азамат пен оның сүйіктісінің неке қию рәсімі өтті. Олардың некесі ресми түрде АХАТ өкілінің қатысуымен тіркелді.
Отбасы құру – әрбір адам өміріндегі маңызды қадам, ал түзеу мекемесінде бұл – рухани тірек пен болашаққа үміттің көрінісі. Отбасы – сотталғандардың қайта тәрбиелену және әлеуметке бейімделу үдерісіндегі маңызды факторлардың бірі. Ол жауапкершілік сезімін арттырып, оң өзгерістерге ұмтылуға ықпал етеді.
Жыл басынан бері өңір мекемелерінде бұл ресми тіркелген 35-ші неке. Бұл көрсеткіш бостандық пен болашаққа деген сенімнің, адами құндылықтардың сақталып отырғанының дәлелі.
Мекеме әкімшілігі мұндай бастамаларды қолдай отырып, оларды тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі және сотталғандардың қоғамға сәтті оралуының маңызды құралы ретінде қарастырады.